0:00 / 0:00
Мақсат - өлкеміздегі өндіріс орындарының дамуы және оның атқарған жұмыстарымен жіті танысу. “Орал механикалық зауыты” ЖШС бүгінгі нарық заманына нық бейімделген, бәсекеге қабілетті, тек сапаға ғана қызмет ететін еліміздегі маңдайалды кәсіпорындардың бірі. 1933 жылдан бастау алатын өндіріс ошағы ауыл шаруашылығы тракторларының қосалқы бөлшектерімен қоса, құрылыс материалдарын – пластикалық есік-терезе, профлист, төсемтас, жиектастар шығаруда. Әрине аталмыш зауытта шығарылатын басты өнімдердің бірі ол тракторларға арналған иінді білік. Қазіргі таңда бұл өнім көршілес елдерде ғана емес, сондай-ақ шеттелдерге экспортталуда. Сондай-ақ Орал механикалық зауыты Кеңес үкіметінен кейінде өзінің брендтік атауын қалдырған бірден бір кәсіп орын болып саналады. Бәлкім соның арқасында оның өндірістік көлемі жыл сайын ұлғаюда.