Warning: file_get_contents(/www/wwwroot/tdk42.kz/wp-content/themes/tdk42/rates_all.xml): failed to open stream: No such file or directory in /www/wwwroot/tdk42.kz/wp-content/themes/tdk42/functions.php on line 327

Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да биылғы жылы 90 шақырым авто көлік жолы жөнделеді

c 00:00, 19/05/2015 c 582

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде жолаушы көлігі және авто көлік жолдары басқармасының қатысумен өткен баспасөз брифингі барасында айтылды. 2015-жылы облыстық және аудандық маңызға ие жолдарды жаңғыртуға 6 млр. теңгеге жуық қаражат бөлінбек. Биыл облыста авто көлік жолдарын жөндеуге бөлінген қаражат өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда қысқарып отыр. 2014-жылы 7,2 млрд теңге бөлінген болса, ал биыл 5 млрд 800 млн теңгедей сома жұмсалғалы отыр. Облыстағы 5 мың 200 шақырымнан астам жолдың 4 мыңы жөндеуге зәру екенін ескерсек, бұл қаражаттың тым жеткіліксіз екенін аңғарылады. Қазіргі таңда Орал тасқала тас жолын жөнеуге мердігер мекеме анықталуда. Оған 3 млрд теңгедей қаржы қарастырылған. Биыл 4-ші шақырымнан бастап, жалпы ұзындығы 11 шақырым жөнделуі тиіс. Брифингте тілшілерді осы жылы жүргізілетін әуежайдағы жөндеу жұмысы толғандырды. Қаражаттың қысқаруына байланысты биыл біраз жұмыс жоспары кейінге қалдырылып отыр. Сонымен қатар, ақсай шыңғырлау тас жолының 20 шақырым жолы, Жымпиты, Қаратөбе тас жолының тек жарты бөлігі ғана яғни 25 шақырым жол ғана жөнделеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.