0:00 / 0:00
Бұл ақпарат ғаламтор желісіндегі, нақтырақ айтқанда Инстаграмда барша жұртқа тарап, елді бір дүрліктірді. Тарихқа сүйенетін болсақ адамның қорғаныш тапшылық қоздырғышы ашылған уақыттан бастап шамамен 30 жыл өтті . Осы уақыт ішінде ЖҚТБ бүкіл әлем бойынша 20 миллионнан астам адамның өмірін қиған көрінеді. Бұл эпидемиясының тек қана медициналық мәселе болудан қалғанына біраз болғаны рас. Алайда мамандардың айтуынша ол дерттің таралауының тек қана үш жолы бар. Өздеріңіз естігендей адамның ағзасын іштей құртатын эпедемия тек адам ағзасында ғана өмір сүреді. Сондай-ақ жеміс-жидек, түгілі вирус, ауаға тараған жағдайда ол өз күшін бірден жояды. Біз елді дүрліктірген қау-өсек туралы қала тұрғындарының ойын білмек болып, сөзге тартқан болатынбыз. Естеріңізге сала кетейік, жұқтырған қорғаныш тапшылығының белгілері жеміс-жидектер арқылы жұғуға қауқарсыз. Сондықтан бұл мәлімет жай ғана бөз біреудің әзілі десек те болар.