0:00 / 0:00
Қалалық әкімдіктің алдына жиналған бір топ "Мирлан" базарының саудагерлері дәл осындай үндеумен көпшілік назарын аудартуға тырысты. Ашуға булыққан жиналушылар аталған мәселемен қала әкімдігінің кәсіпкерлік бөліміне жапатармағай ұмтыла кіріп, ақыр аяғында қалалық ішкі істер басқармасы бастығының өзінен жауап алды. Қала әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінде төбе көрсетіп, қаздай тізілген "Мирлан" базарының 20-ға жуық саудагерлері алдын ала жасалған ескертулерді, салынған айыппұлдарды елемейтін жабайы базар саудагерлеріне бір шара ұйымдастыру керектігін ащы назбен улай-шулай айтып, бөлім басшысын сұраққа алды. Тосыннан жиылған базар жұртшылығын күтпеген жауапқа қатысы бар кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, жиылғандарға жабайы базарды қуу құзыреті менен алынды, қазір ішкі істер органы жауап береді - деуден жақ ашпады. Жабайы базар әуселесін бір жола құртуды екі қолдап қолдайтын жабық базар саудагерлерінің қарасы ажырамай, ішкі істер басқармасының табалдырығын да тоздырды. Тәртіп сақшылары телеранадан сескенді ме, әйтеуір - деп 1 сағаттан соң, ішкі істер басқарма басшысының өзі ішке кіргізіп, ашуға булыққан дүйім жұртшылықпен тіл табысуға тырысты. Шуға себепкерлердің айтуынша, Мирлан базары сыртында сауда қызу жүріп жатыр екен. Яғни сатушылар көше бойына да қаптап тұр. Айтуларынша, осындай «жабайы сауда» кесірінен тұтынушылардың қарасының жоқтығынан түсімдері де азайған. Жабық сауда орны мен салыққа бос ақша төлеудеміз -деп ашынады олар. Ал, жағдайды байыппен тыңдап болған қалалық ішкі істер басқармасының басшысы Манарбек Ғабдуллин, 10 күнге жабайы базарға қарсы рейдттік шараның еш кідірусіз болатындығын, содан кейін жағдайды әрі қарай орайласыратындығын айтып, уәдемен бір ымыраға келді. Қалауын тапса қар жанар - демекші, жабық базар саудагерлерінің ащы айқайы кідірусіз жүргізілер 10 күндік рейд уақытына дейін тоқтатылды.