0:00 / 0:00
Атаулы күннің мақсаты - бүгінгі таңда СПИД дертіне себепші болар инфекцияны уақытылы емдеу, қатерлі дерттің маңыздылығы мен одан уақытыл арылу арқылы толыққанды ұзақ өмір сүруге болатындығын адамдарға түсіндіру. Өңіріміздің СПИД орталығы мамандарының берген мәліметіне сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда жағдай қалыпты көрінеді. Дегенмен, сала мамандары атап өткендей, СПИД дертіне шалдығушылардың көбісі жыныстық жолмен берілу фактісі қатаң байқалуда екен. Бүгінгі күні аталған орталықта 200-ден астам адам тіркеуде тұр.