Warning: file_get_contents(/www/wwwroot/tdk42.kz/wp-content/themes/tdk42/rates_all.xml): failed to open stream: No such file or directory in /www/wwwroot/tdk42.kz/wp-content/themes/tdk42/functions.php on line 327

Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оқушылар мектепке жете алмауда! БҚО Теректі ауданының Тоқбай ауылының оқушылары бірнеше күнен бері сабақтан қалып жатыр

c 00:00, 13/05/2015 c 792

0:00 / 0:00

Себебі мектеппен араға қатынайтын автобус үнемі сынып, далада қалатын көрінеді. Тоқбай ауылының оқу жасындағы балалары Подстепный мектебіне қатынап білім алады. Өйткені ауылда мектеп жоқ. Бірақ осы қатынас құралы болып келген автобустың жиі істен шығуы балалардың сабаққа бара алмай, оқу бағдарламадан қалып қоюына себеп болып отыр. Бірнеше күн бойы осы жағдай қайталанғанымен жергілікті билік еш шара қолданбапты. Бей уақытта балалардың мектепке бармай, ауыл аралап, ойын қууына ата-аналар жол бергісі жоқ. Олар осы мәселені әкімшіліктің шешіп беруін талап еткен болатын. БҚО-ның білім басқармасы аудандағы балаларды тасымалдауда туған қиындықтан хабардар болып шықты. Айгүл Мыңбаеваның сөзіне сенсек, мәселе шешімін тауып жатыр. Мектепке қатынас құралының іске қосылуы ендігі кезекте ауытқымай, оқушылар сабақтан қалмайды деп үміттенміз. Айта кетейік, оқу жылының соңында бағдарламадан қалып қойған балаларға өткен тақырыпты меңгертудің өзі оңай болмасы анық.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.