0:00 / 0:00
Бүгінде облыста жалпы құны 2,4 трлн болатын 126 жаңа инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл 2000-нан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берген. Соның ішінде 2020 жылы 370 млрд. теңге игеріліп, 1600 жұмыс орнын құрумен 102 жобаны іске қосу жоспарлануда. Оның ішінде құны 700 млн теңге болатын «Кублей» ЖШС-ның теріні бастапқы қайта өңдеу цехы және жоба құны 7 млрд. теңге құрайтын «Орал жылыжай комбинаты» ЖШС жылыжай кешені сияқты жобалар аяқталуда. Бұл туралы бүгін БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингке БҚО әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев мәлімдеді. Былтырғы жылы 500 жұмыс орнын құрумен жалпы құны 354,2 млрд. теңгеге 10 ірі жоба пайдалануға берілген. Биыл трансформаторлар үшін панельдік радиаторлар өндірісі («Орал трансформатор зауыты» ЖШС) құрылысы жүруде, биыл іске қосылады деп күтілуде. Сондай-ақ жиһаз фабрикасы («Квант» ЖШС) пайдалануға беріледі. Қарашығанақ қайта өңдеу кешенінің газына өндіріс шектеулерін жоюға 425 млрд. теңге инвестиция бағытталған. Келер жылы іске қосылмақ. Облысқа инвестициялар тарту және ірі жобаларды жүзеге асыру үшін индустриалдық аймақ құру жоспарлануда. Теректі ауданы Ақсуат ауылындағы Пойма стансасынан 281 га жер бөлінген. Бүгінгі күні техникалық-экономикалық негіздеме, жобалық-сметалық құжаттама жасалып, жобаға мемлекеттік сараптама жүргізілген. Сондай-ақ 2020 жылға 1,7 миллиард теңгеге инфрақұрылым жүргізу бойынша өтінім мақұлданыпты. Өткен жылы «қарапайым заттар экономикасын» дамыту жөніндегі жоба іске қосылды, бағдарламаны іске асырудағы кедергілерді жедел анықтау және жою мақсатында «қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту жөніндегі жобалық кеңсе құрылған. Жобалық кеңсе бизнес жоспарды әзірлеу кезеңінен қаржыландыруға дейін бизнес жобаларды сүйемелдеуді жүзеге асырады, жобалардың тұрақты мониторингін жүргізеді. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 27,7 млрд. теңгеге 196 жоба жұмыстануда, оның ішінде 8,8 млрд. теңге сомасына 139 жоба мақұлданса, 3,7 млрд. теңге сомасына 37 жоба қаралуда екен. Осы механизмнің негізгі әлеуетті қатысушылары БҚО өнеркәсібінің өңдеуші кәсіпорындары және ауыл шаруашылығы субъектілері болып табылады. Ал нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы щеңберінде ағымдағы жылдың маусым айында қала бойынша микронесиелеуге 500,0 млн.теңге бөлу жоспарланған. Кепілдемеге 36,0 млн.теңге қарастырылған. 50 шағыннесие беру жоспарланған.