Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа міндеттер

c 17:46, 08/04/2020 c 595

0:00 / 0:00

Мемлекет басшысы 2 сәуір күні Қарулы күштердің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Негізгі мақсаты - халықтың денсаулығын қорғау. Президент жарлығынан соң әскери жиынға қатысқысы келетін жастардың да саны артқан. Жалпы, төтенше жағдай ке­­зінде ел қорғауға жарайтын аза­маттарын арнайы шақырып, тех­ногенді немесе табиғи апат­тар­дың, індеттердің және өзге де ке­­­­леңсіздіктердің зардабын қо­ғам бо­лып жою – әлем елдерінде бар тә­жірибе. Қа­зақстан да мұндай тәсілді пай­далануға дайын. Тіпті арнайы заңда қабылданған. Өйткені түрлі төтенше жағдайлар кезінде оның зардабын жою, ал­дын алу ісінде тиісті қызмет ма­ман­дарының, Қарулы күштер сар­баздарының аздық етіп қала­тын тұстары болатыны жасырын емес.  Сол себепті бүгінгідей жағдайда бар­шаның жұмылғаны керек. Қазақстан қазір жаһандағы көптеген ел тәрізді коронавирустың таралуын тежеуге барын салып жатыр. Одан бөлек, кейбір аймақтарды көктемгі қарғын су басуы мүмкін екені де жиі айтылған. Ал күн болса жылынып келеді. Міне, дәл осындай сәтте әскери міндетті азамат­тардың атқарушы билікке, төтенше жағдай кезінде қызмет етіп жатқан құрылымдарға көмекке келгені керек.Күшейтілген карантин кезінде қызмет атқаруға оралдық әскерилер де дайын дейді сала мамандары. Бүгінде арнайы шақыртуларға ниет танытушылар қатары көп. Олардың саны 300-ден асып кеткен. Ар­найы жиындарға шақырылған азаматтар жұмысқа барғандай таңертең барып, кеш­ке үйіне оралатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.