0:00 / 0:00
Қазіргі кезде жаңа санитарлық-қорғаныс аймағы құрылды. Бұған КПО б.в компаниясының кеңейіп, қуаттылығының артуы себеп болып отыр. Қазіргі кезде жоба тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне жіберілген. Мамандардың айтуынша, мамыр айының соңына дейін қаралып, одан бір шешім шығарылуы тиіс. Айта кетейік, жаңа санитарлық жобаға Березовтан бөлек, Бестау ауылы енген. Жоба бекітілсе, екі ауылдың халқы Ақсай қаласы мен Бөрлі және Аралтау ауылдарына қоныс аудармақ.