0:00 / 0:00
Осы орайда қаламыздағы "Ақжол" ҚДП БҚОФ-ы және ӨЖК "Серік" ЖШС-гі бір 30-ға жуық ардагер қарияларымыздың үй-үйлеріне барып, құттықтап қайтты. Биыл Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына 70 жыл. Қанша уақыт өтіп, қанша заман өзгерсе де, майдангер ата-әжелеріміздің ерең еңбегі мен даңқты ерлігі атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа таусылмас өнегенің үлгісі болып қала бермек. Осы ретте бүгін "Ақжол" ҚДП БҚО Филиалы және ӨЖК "Серік" ЖШС-гі қаламыздағы 30-ға жуық майдангер қарияларымыздың үй-үйлерін аралап, мерекемен құттықтап, шағын сыйлықтарын табыс етті. Сұрапыл соғыстың тәмәмдалғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, бұл нәубет еш қашан ұмытылмақ емес. Өйткені, сол жылдары елімізден 1,5 жарым миллион адам сұм майданға аттанса, олардың тең жартысы елге оралған жоқ. Сондықтан да ,оларды мәңгі ұлықтау парыз болса, екінші жағынан аға ұрпаққа өнегесі мол тәлім-тәрбие болмақ. Жыл санап қатары сереп бара жатырған ардагерлерімізге мұндай қайырымдылық пен қамқорлық жасау қашан да лайықты іс екені сөзсіз. Сондықтан, аталған партия тарапынан жасалынып келе жатырған жас ұрпаққа өнегесі мол шаралар қатары, әлі де жалғасын таба бермек.