0:00 / 0:00
Жиын барысында белгілі болғандай қазіргі таңда облысымыз бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне сұраныс өте жоғары. Алайда жылдан жылға бұл мамандықты оқып, мұғалім болуға атсалысар жастар сирек көрінеді. Мәселен, ағымдағы жылы БҚМУін 900-ден аса жас маман тәмәмдағалы отыр. Алайда оларды жұмыспен қамтып, қызметке орналастыру жайы не болмақ? Бұл сұраққа университет мамандары төмендегідей жауап берді. Ресми мәліметтерге сүйенсек мектеп түлектері көп жағдайда ЖОО-дағы экономика немесе заңгер мамандығын таңдайды. Ал кейін ЖОО-рын тәмамдаған соң, бәсекелестіктің басымдығынан жұмысқа орналаса алмай әлек болатыны бар. Яғни жастарымыздың қоғамға қажетті мамандықты таңдау білмейтіндігі анықталып отыр. Дөңгелек үстел тәмәмдалған соң БҚМУ-нің түлектеріне арнап "Мансап" атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі оздырылды. Шаһарымыздағы 60-тан аса кәсіпорындар белсенділік танытып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Студенттер қауымы болса бұл жәрмеңкеден өзінің мамандығына сәйкес жұмыс орындарын табуға тырысты. Әрине егер ЖОО-ның тәмамдаған түлектерімізді толықтай жұмыспен қамтамасыз етсек, ол мемлекетіміздің экономикасының өркендеп тұрақтануына мол мүмкіндік берері сөзсіз. Алайда әзірге оған мүмкіндік болмай отыр.