Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында жылыту маусымы аяқталды. 203 күнге созылған маусымдық жұмыстан соң коммуналдықтар аз уақыт үзіліс жасамақ

c 00:00, 28/04/2015 c 641

0:00 / 0:00

Жылу құбырларын ажырату үшін орташа тәуліктік температура 3 күн бойы 10 градустан асып, сақталып тұруы қажет. Қазір мінекей сынап бағасы қалада осы көрсеткіш деңгейін көрсетіп тұр. Естеріңізге саламыз, жылыту маусымы 2014-жылдың 15-қазанында басталған болатын. 203 күнге созылған маусым биыл жылдағыдан әлдеқайда кеш аяқталып отыр. Аздаған уақыт үзілістен кейін коммуналдықтар алдағы жылға арналған жылыту маусымына дайындықтарын бастайды. Оның ішінде ескірген құбырларды жөндеп, жаңғырту жұмыстары жоспарда тұр. Биылғы қыста басты жылу желілерінде апаттар тіркелген жоқ. Тек кейбір шағын кемшіліктер орын алғанын жасырмаймыз дейді жылу таратушылар. Алайда оның бәрі уақытылы қалыпқа келтіріпті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.