Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

16 науқас нашар жатыр

c 23:15, 06/04/2020 c 455

0:00 / 0:00

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек,  бүгін елімізде тағы жиырма адамда коронавирус расталды.Олар- Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында бір адамнан, Маңғыстау облысында - 2, Қарағанды өңірінде - 16 адам тіркеліп отыр. Осылайша, Қазақстанда қауіпті індетті жұқтырғандар саны 604 –ке жетті . 45 адам бұл аурудан жазылып шықты, алты адам көз жұмды.

Өздеріңізге мәлім, Қазақстанның бас дәрігері Елжан Біртанов, елде қауіпті індеттің таралуы сәуір айының бірінші жартысында өрши түседі дегенді. Сондай-ақ, ол вирус жұқтырғандар саны 3,5 мыңға баруы мүмкін деген болжам айтқанды. Бүгінгі дерек те жағымсыз. Елімізде соңғы мәлімттер бойынша аты жаман ауруды жұқтырғандар саны 600 адамнан асты. Қазақстанның бас санитары Айжан Есмағамбетованың айтуынша, 16 науқастың жадайы нашар.

Айжан Есмағамбетова – ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері; «Жағдайдың 85 пайызы жеңіл және симптомсыз өтіп келеді. Науқастардың 11,5 пайызының жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. 16 пациенттің жағдайы ауыр, бұл Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы науқастар»

Бұл орайда, қауіпті індетпен бетпе-бет келіп, өз денсаулығына қауіп төнсе де, науқастарды сақтап қалу жолында аянбай еңбек етіп жатқан ақ халатты абзал жандар да зардап шегуде.  Бүгінгі күні республика бойынша 120 медицина қызметкері қауіпті індетті жұқтырған.

Айжан Есмағамбетова – ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері; «Бүгінде 120 медицина қызметкері ауырып жатыр. Оның ішінде 67-і науқастарға медициалық көмек көрсетіп жұқтырғандар. Ауырып жатқан медицина қызметкерлерінің жағдайына тоқталсам, 1-і ауыр халде жатыр, 9-ы орташа ауыр халде, қалған 57 –і жеңіл және симптомсыз».

Ал Президенттің тапсырмасына орай, қауіпті індет жұқтырған дәрігерлерге әлеуметтік өтемақы беріледі. Бас санитардың айтуныша, оларға әлі төлем жүргізілмеген. Қазір дәрігерлерде әлеуметтік төлем жүргізудің құқықтық-нормативтік құжатының жобасы жасалып қойған екен. Айжан Есмағамбетованың мәліметінше,  енгізілген карантиннің нәтижесінде елодасында  28 наурыздан бастап вирус жұқтырғандардың саны азайып келеді. Сол тұстан 5 сәуірге дейін жұқтыру деңгейі 60 жағдайдан 0-ге дейін азайып отыр. Ал  Алматыда  коронавирус жұқтырғандардың саны күніне 15-тен 6-ға дейін азайған. Дегенмен, басқа өңірлерде бұл індет өршіп барады. Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Атырау облыстарында коронавирусты жұқтырудың өсімі қарқындап тұр. Сол себепті, бас санитар бұл өңірлерде карантин талаптарын күшейтуді ұсынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.