Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Аймағымыздың Теректі ауданына қарасты Подстепное селолық округінің құрамына кіретін Барбастау ауылының халқы, бүгінде өркениеттен кенже қалған кеңшардың күйін тартып отыр

c 00:00, 28/04/2015 c 783

0:00 / 0:00

Кеңес үкіметі кезінде, тіпті тәуелсіздікке қол жеткен сонау тоқсаныншы жылдардың өзінде біздің өңірді ғана емес дүйім елді балдай тәтті балбырап езілген алмасы асыраған Барбастауды, бертін келе жаппай жекешелендірілгенде әлеуметтік нысандырын балабақшасынан бастап бұза бастады, содан соң елер ештеңесі қалмағасын жергілікті билік те біржола назардан тыс тастады. Иә, ел етек жеңін жия бастаған 2000 жылдан бермен, балалары әліппе ашар бір бастауыш мектеп салынса деген дәмемен бармаған жергілікті билігі, жазбаған министрі қалмаған ауылдықтарға, бүлдіршіндерді сабаққа үлгерсін деп күздің ызғарымен, қыстың боранымен көлікпен тасымалдағаннан, өз ауылдарында ашылғаны әлдеқайда тәуір болып тұрғаны. Таңның атсымен, күннің батысымен 135 оқушыны тасымалдап жүрген автобуспен Шаған жалпы орта білім беретін мектебіне барып, ата аналардың айтқан арыздары қаншалықты анық, жағдаймен мектеп басшылығынан қанықтық. Бір бөлмеде орналасқан медициналық бөлімшесінен басқа мемлекеттік нысаны жоқ ауылға, қазір мемлекет тарапынан қандай жағдай жасалынып жатқанын білмекке, Подстепное селолық әкімшілігіне де кірдік. Ал, ауыл әкімі бүгін-ертең мектеп салынатынына әзірге дәмеленбесе де, ауылға алдағы айларда көше шамдары тартылып, жарық жағылатынына уәде берді. Әкімнің айтуынша бұның бәрі жоғардан бөлінер бюджет қаржысына тәуелді. Барбастау десе, алдымен еске алмасы түсетін ауылға, мектептің салынғаны да жөн болар. Бірақ, егер мектеп үйден үш шақырымның аралығында болса оқушылар көлікпен тасымалдануы тиіс деген бап заңда бар. Ал, заңды жауапты орындар жөнді орындауда, сонда да болса өз ауылымызға мектеп салынса деген ауылдықтардың арманы алда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.