Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

26 сәуір ҚР-ның Президентін сайлау күні облысымызда барлығы 523 сайлау учаскесі қарқынды жұмыс жасап, 404 465 сайлаушы дауыс берген

c 00:00, 27/04/2015 c 854

0:00 / 0:00

Елді бірдей қаратқан 26-сәуір ҚР-ның Президентін сайлау күні Орал қаласынан гөрі, ауыл-аудандардағы тұрғындардың сайлауда көрсеткен белсенділігі жақсы болды - деп, жиынды сөз алған «ҚР-дағы сайлауды бақылау бойынша республикалық қоғамдық комиссиясы» БҚО филиалының төрайымы Вера Шохина, кешегі өткен сайлау жайына толығырақ тоқталды. Айталық, сайлау күні өңіріміз бойынша 523 сайлау учаскісі іске қосылған болса, олардың әр қайсысында 7 комиссия мүшесі жағдайды бақылауда ұстағаны тағы бар. Сайлау өз деңгейінде өтті - дейді ұйымдастырушылар. Жиын барысында, сайлау кезіндегі кемшілік тұстар да назардан тыс қалмады. Мәселен, кейбір сайлау учаскілерінде адам қарасының көптігінен, іске жауаптылар үлгермей жатқан болса, үйге шақыртқан сайлаушылардың саны да аз болмағандығы айтылды. Өңіріміз бойынша аталмыш сайлауға 404465 сайлаушы жолдама алған болса, олардың 96 пайызы сайлауға белсенділікпен қатысқан көрінеді. Жиын соңында сайлау кезінде орын алған кейбір мәселелер талқыланып, аталған үндеу республикалық комиссияның назарына жеткізілетін болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.