Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыстық ТЖД-не таңғы сағат 9.30-дар шамасында өлкеміздегі темір жол бекетінде апатты жағдай орын алғандығы туралы шұғыл хабарлама келіп түсті.

c 00:00, 27/04/2015 c 731

0:00 / 0:00

Алдын ала жасалған жоспарға сай алып цистерна теміржол платформасында төңкеріліп, нәтижесінде мұнай өнімдері жерге төгіліп, 50 шаршы метр жер қызыл жалынға оранған. Оқыс оқиға салдарынан темір жол бойында жұмыс жасап жүрген 3 адам жарақаттанып, арнайы жедел жәрдем қызметкерлері көмегіне жүгінгенді. Сондай-ақ оқу жаттығу жұмыстарының жоспары бойынша жолаушы тасымалымен айналысатын поезде аса қауіпті жұқпалы арулардың бірі тырысқақ дертін жұқтырған жолушы анықталыпты мыс. Салдарынан адамдар эвакуацияланып, науқасты санитарлық эпидемиологиялық қызметінің мамандары ауруханаға әкетті. Ал вагон арнайы құралдармен тазартылды. Қорытынды бойынша біздің өлкеміздегі ТЖД-нің қызметкерлері қандай да бір апаттарды ауыздықтауға толықтай дайын екендігіне көз жетті. Барлық құтқару жұмыстары тез әрі сапалы түрде орындалған болатын. Дегенменде бұндай апаттар орын алмасын деген ниетімізді білдіреміз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.