Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында бірнеше жүздеген адам үйде отырып, ел президенттігіне үміткерлердің ішінен лайықты деп таңдаған кандидаттарына дауыс берді. Сайлау комиссиясының мүшелері мен бақылаушылар өтініш білдірген азаматтардың тізімі бойынша үй-үйді аралап, ешк

c 00:00, 27/04/2015 c 596

0:00 / 0:00

Семен Мухамедчин 94 жаста. Бірақ әлі тың қалпында. Ескі темір тұлпарын қыздырып, күйбең тірліктен қол үзбейді. Халық нөпірі қалың болатын сайлау учаскелерінен гөрі ақсақал үйде отырып дауыс беруді жөн санапты. Мінекей мөрленген жәшіктерін қолдарына алған комиссия мүшелеріне де оны үйіне арнайы іздеп келді. Әр азамат өз конституциялық құқығына сай ел болашағын таңдайтын сәттен қалыс қалмауы керек. Осыған байланысты денсаулығына байланысты учаскелерге келе алмайтын ҰОС-ның ардагерлері мен мүгдектері, тыл ардагерлері мен өзге де азаматарға сағат 12 ден соң үйден қызмет көрсетілді. Өтініш бойынша тізіммен үйді-үйді аралаған комиссия мүшелерінің қолындағы жәшіктер мөрленіп, ауыздары бекітілген. Олардың жұмысын бақылаушылар мен сенімді өкілдер қатаң қадағалауда ұстады. Қолда бар мәліметке сүйенетін болсақ, өткізілген сайлау науқанында ешқандай заңбұзушылықтар орын алған жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.