Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өткен жылы өлкеміздегі өндіріс мекемелерінде жұмысшылардың қатысымен 69 жазатайым оқиға орын алған. Бұл туралы бүгін БҚО еңбек инспекциясының мұрындық болуымен өткен семинар барысында мәлім болды

c 00:00, 21/04/2015 c 591

0:00 / 0:00

Семинар барысында білгеніміздей қазіргі таңда облысымызда көптеген кәсіпорындар еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы жаңа стандарттарды енгізуде. Алайда одан қызмет барысында орын алатын жазатайым оқиғалардың саны азаяр емес. Ресми мәлеметтерге сүйнетін болсақ 2014 жылдың өзінде 125 келеңсіз оқиғалар орын алса, салдарынан 19 адам қаза болды. Естеріңізде болса осыдан бір жыл бұрын Орал қаласының орталығында кәріз құбырларын ауыстыру жұмыстары кезінде "Альтайр" ЖШС- нің жұмысшысы кәріз құбырын өлшеп жатқан кезінде үстіне үлкен көлемде топырақ құлап, бір адам мерт болған еді. Бұл тек бір мысалға ғана. Сондықтан біз жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қандай жұмыстар атқарылып жатқандығы жөнінде жұмыс берушілердің өздерімен сұхбаттасқан болатынбыз. Негізінен орын алатын жазатайым оқиғалардың басым бөлігі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерінің бұзылу салдары. Егер жұмыс берушілердің кінәсі делелденген жағдайда, олар ҚР ҚК 152 бабына сәйкес жауапқа тартылатынын қаперлеріңізге саламыз. Ең бастысы өз өміріңіздің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамай, белгіленген ережелерді сақтанғандарыңыз абзал.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.