0:00 / 0:00
Бірақ өңірлік тұтынушылардың құқықтарын қорғау депаратменті қазіргі уақытта жер үсті улау жұмыстарының бірінші кезеңін өткізуге энтомологиялық көрсеткіштер болмағандықтан, масалардың бастапқы сатысына улау жұмыстары жүргізілмейтіндігін атап өтті. Өйткені, шыбын-шіркейлер бірінші кезеңде болғандықтан, олар дамитын жағдайға жетіп үлгермеген көрінеді. Орал қаласында шыбын-шіркейге қарсы дезинсекциялау шараларын жүргізу қалалық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық мекемесінің басты назарында. Аталған жұмыстарға республикалық бюджеттен 52 млн. үстінде қаражат бөлініп те қойлыған. Осыған орай, қаланың 650 га-рын генераторлық құрылығы арқылы өңдеу көзделуде болса, аспалы бүркіш арқылы 800 га жерді шыбын-шіркейлерден өңдеу жоспарға қойылған. Сонымен қатар қала бойынша қансорғыштарды дезинсекция шаралары саяжай телімдері мен бау-бақшалар аумағында да өтеді. Енді бұл шараға бағзыдан жауаты болған өңіріміздің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен қатар, тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық мекемесінің абаттандыру бөлімі жауапты болмақ.