Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазына тапшылығы артты

c 20:20, 02/04/2020 c 532

0:00 / 0:00

Жаһандық экономикалық дағдарыс пен қауіпті коронавирустың таралуы Қазақстанның бюджетіне айтарлықтай салмақ салып жатыр. Қара алтын құнсызданып, баррелі 20 долларға түссе, қауіпті індет те елді жайлап, бүгінде вирус жұқтырғандар саны 402 адамға жетті.  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 191 адам, Алматы қаласында – 90 адам,  Қызылорда облысында - 25 адам, Қарағанды облысында - 21 адам, Ақмола облысында - 19 адам, Атырау облысы - 18 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 6 адам, Жамбыл өңірінде  -5 адам, қалған өңірлерде бірден төрт адамға дейін тіркеліп отыр. Қостанай өңірі ғана індеттен аман. Бұл төтенше жағдайда ел үкіметі бюджеттің кіріс-шығысын қарастырды. Себебі, індеттің таралуынан азаматтар үйде отыруға мәжбүр. Бұл жағдайда жұмыссыз қалып, табысынан айырылып жатқандар көбеюде. Қазынаның жай-күйі жайында үкіметтің отырысын қашықтықта бақылаған елордалық тілшіміз Әселім Қалкен баяндайды.

Онлайн режимінде өткен үкіметтің отырысынан көңіл қоншытатын мәлімет болмады. Қазынаға түсетін түсім көлемі айтарлықтай төмендеді. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің мәліметінше, Қазақстанда жалпы ішкі өнім 0,9%-ке төмендейді . Номиналды жалпы ішкі өнім 69,7 триллион теңге көлемінде бағалануда, бұл мақұлданған болжамнан 4,8 триллион теңгеге төмен. Экспорт 16,3 млрд теңгеге төмендеп кетті. Өздеріңізге мәлім, жаһандық экономикалық дағдарыс қазынамызға үлкен соққы болып отыр. Қара алтын құнсызданып, баррелі 20 долларды құрады. Ал елэкономикасы мұнай шикізатына тәуелді екенін ескерсек, қазынаға түсетін түсімдер азайып, бюджет тапшылығы орын алуда.

Сондықтан үкімет, президенттің тапсырмасы бойынша жұмыспен қамту мәселесін қолға алуда. Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында елде 240 мың  жаңа жұмыс орны құрылмақ. Ол әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жаңғырту және дамыту, елді мекендерді абаттандыру арқылы халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жұмыс орындары. Премьер-министр бұл орайда әкімдерге халықты жұмыспен қамту мәселесіне жылдам кірісуге тапсырма берді.Бұл мақсатқа 1 трлн теңге бөлініп отыр.

Сондай-ақ,  қауіпті коронавирустың таралуы да шығынға батырып отыр. Қажетті медициналық дәрі-дәрмек, дәрігерлер мен науқастарды қажеттілікпен қамту шығындары шығып жатыр. Мемлекет осы қиын сәтте жұмыссыз қалған азаматтарға уақытша 42500 теңгеден жәрдемақы беруді бастады. Мұндай көмекке 3 млнға жуық адам мұқтаж. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, елде коронавирус жұқтырғандар саны 400 адамнан асты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.