0:00 / 0:00
Мемлекет үлестіріп жатқан 42 500 теңгені кімдер алады? Ол көмекті алу үшін қалай өтініш білдіреді? Бұл сұрақтарға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жауап берген еді. Өздеріңізге мәлім,COVID-19 вирусының таралуынан елде барлық жұмыс тұрып қалды. Қаншама адам табысынан айрылып, жұмыссыз қалды. Бұл орайда Мемлекет басшысының тапсырмасымен "Жұмыспен қамту" жол картасын жүзеге асыруға бюджеттен 1 триллион теңге қарастырылған.
"Жұмыспен қамту" бағдарламасы аясында жұмысқа кірген азаматтардың жалақысы 85 мың теңгеден төмен болмауы керек. Еңбек министрі Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, бюджеттен бөлінген 1 триллион теңге 7 мыңнан аса жобаны іске асыруға жұмсалады. Өңір әкімдері облысқа қажетті деген жұмысты іріктеп алуы тиіс. Республика бойынша 240 мыңнан астам жұмыс орнын ашу керек. Бұл орайда жастарды жұмысқа тартуға басымдық жасалмақ. Ал елдегі төтенше жағдай барысында сауда, қызмет көрсету, туризм сияқты көптеген жұмыс орындары тұралап қалды. Адамдар қауіпті індеттен сақтану үшін үйде отыруға мәжбүр. Бұл орайда жүздеген адам жұмыссыз қалды. Мемлекет табысынан айрылғандарға уақытша 42 500 теңгеден үлестіріп жатыр. Ал бұл көмекті кімдер ала алады?
Министр айтқандай уақытша әлеуметтік қарылай көмекті алатындар саны 3 млнға жетуі мүмкін. Ал ол көмекті алу үшін кеңе аралап жүруге мүмкінжік жоқ. Қазақстандықтар неше күннен бері электронды egov порталына кіре алмай жатыр. Өтінішін қалдырайын десе портал дұрыс жұмыс істемеуде. Әлеуметтік желіде осы мәселеге қатысты шағым көбейді. Еңбек министрлігі жұмыссыз қалғандардың өтінішін қабылдаудың басқа жолдарын енгізуде.
Айта кетеу керек, бұл көмекті алу үшін ең болмағанда бір рет әлеуметтік төлем жасалуы керек. Бұл төлемді бірыңғай жиынтық төлем арқылы жасауға болады.