0:00 / 0:00
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2015 - 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының әзірленгені әмбеге аян. Бүгінде осы жолда жауапты орган қызметкерлері жұмыстанып келеді.Ұйымдастырылып отырған қоғамдық кеңесте осы бағытты меңзейді. Аты аталған мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері сөз болған кезекті қоғамдық кеңеске партия мен ҮЕҰ-дың, өңірлік кәсіпкерлер палатасының, қалалық мәслихат депутаттарының, БАҚ мен бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Жиында алғаш болып сөз алған Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқарма басшысы Аманқос Жұбаныш, жемқорлықпен алдын алу профилактикасы жұмысы аясында ағымдағы жылдың 1-тоқсанында бірқатар іс-шаралар жүргізілгенін атап өтті. Мәселен, жемқорыққа қарсы бірлесккен іс-қимыл жоспары шарасына, өңіріміздің мемлекеттік қызметкерлері мен ЖОО-ның студенттері, тіпті мектеп оқушылары да атсалысып отыр. Жемқорлыққа қарсы ақпаратпен басаяғы 4500 адам сауаттандырылса, оның 3000-нан астамы оқытушылар мен студенттер, меткеп оқушылары, 900-ден астамы мемлекеттік қызметкерлер қамтылған. Сонымен қатар ғаламтор әлеміндегі әлеуметтік желілер арқылы құлақтандырылу жүргізілуде екендігі назардан тыс қалмады. Жиын барысында, департамент қызметкерлеріне, арнайы сұрақтар қатары да қойылды. Мәселен, жемқорлық фактісімен айыпты деп танылған азаматтарды қайта мемлекеттік қызметк араластыру, жемқорлық әрекетімен ұсталған маман кесірінен, басшылықты жұмыстан кетірмеу амалын қарау сынды жағдайлар сөз болды. Шара соңында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әректтеріне жауапты бөлім басшыларының есебі тыңдалып, ұсыныстар тасталды.