Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Халық пен бизнесті қолдау

c 20:30, 01/04/2020 c 498

0:00 / 0:00

Қауіпті коронавирустың таралуына байланысты халықтың табыс көлемі азайып жатыр. Төтенше жағдай аясында карантин енгізіліп, жұмыс  тоқтап тұр. Жүздеген адам жұмыссыз қалуда. Осыған орай Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдемесін жариялады. Мемлекет басшысы сын сағатта жұмыссыз қалғандарға, зейнеткерлер мен жәрдемақы алатын әлеуметтік осал топтарға қаржылай көмек көрсетілетінін айтты. Яғни зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылар 10 пайызға артады. Сондай-ақ, кәсібі тұралап қалған орта және шағын бизнеске де мемлекет көмек қолын созып жатыр. Президенттің мәлімдемесі жайында толығырақ елордалық тілшіміз Әселім Қалкен баяндайды.

Мемлекет қиын кезде банктерге көмектесті – енді банктер халықты қолдауы керек. Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға  жолдаған  мәлімдемесін осылай деп бастады. Бүгінде әлемді жалмаған аты жаман дерт 177 мемлекетте 800 мыңға жуық адамға жұқты. Бұл келеңсіз жағдайдан Қазақстан да айналып өте алмады. Мемлекет  төтенше жағдай жариялап, Қазақстанда вирустың жаппай таралуына жол бермеу үшін барлық өңірде карантин енгізді. Тоқаев дәл осы сәтте жұмысы тұралап қалған кәсіпкерлерге, жұмыссыз қалып жатқан халыққа, еліміздегі әлеуметтік осал топтарға биліктен көмек қажет екенін айтты.  Президент індетке шалдыққан адамдарға барлық қажетті көмекті көрсетелетінін де айтты. Ал осы қауіпті вируспен бетпе-бет күресіп жатқан ақ халатты абзал жандарға ерекше қолдау қажеттігі сөз етілді.  Адам өміріне араша түсіп жатқан дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстемақы төленеді. Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен бірге жағаласып келпі жатқан әлемдік экономкиалық дағдарыс барысында инфляция артып отрығанын назарға алып, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақыларды 10 пайызға көтеретінін мәлімдеді.Оған 200 млрд теңге бөлінеді.

Ал жұмыссыз қалып, табысынан айырылған азаматтарға  42 500 теңге  көмек беріліп басталды. Президенттің айтуынша, елімізде бұл көмек   3 миллионға жуық адамға көрсетіледі.Оған қоса,  мүгедектер және жұмыссыз ретінде тіркелген 800 мыңнан астам адамға тегін азық-түлік беру қарастырылған.  Төтенше жағдай барысында барлық сауда, қзымет көрсету саласында жұмыс тоқтап қалды. Мемлекет бұл орайда экономкианың тірегі болып табылатын-  шағын және орта бизнеске де айтарлықтай қолдау жасамақ.

Көктемгі егіс науқаны да келіп қалды. Ауыл шарушалығында кәсібін дөңгелетіп жүрген шаруаларға да қолдау жасалады. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы қосымша 100 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Ал Үкіметке әдетте егіс науқанында шарықтап кететін жанармайдың нарықтық бағасын он бес пайызға арзандатып, 165 теңгеге дейін төмендетуді жүктеді. Мұның барлығы коронавирус індетінің залалын тезірек жоюға әсер етеді деп сендірді Президент.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.