0:00 / 0:00
Бұл жөнінде Ақжайық инспекциясының бөлім басшысы Али Ниязов хабарлады. Өңірдегі Жайық-Каспий су белдеуінде 10- сәуірден бастап жүргізілетін "Бекіре-2015" кең ауқымды акциясы маусым айына дейін жалғаспақ. Акция заңсыз қармақ салып, су жәндігінің көбеюіне кедергі келтіретін броконерлердің жолын кесуге бағытталған. ІІМ-нің бұйрығына сәйкес жүзеге асқалы отырған шара кезінде қолға түскен балықшылар заң жүзінде жауапқа тартылып, істері сотқа жолданатын болады.