Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында 20 шақты адам нашақорлықтан метадонның көмегімен емделіп жатыр

c 00:00, 01/04/2015 c 658

0:00 / 0:00

Облыстық диспансерлік орталықта инеге отырған нашақорларды тәуелділіктен айыру үшін есірткі заттарын алмастырушы ем осыдан 2 жыл бұрын қолға алынған болатын. Ақ халаттылардың қолынан есірткіге ұқсас дәріні қабылдау. Құлаққа түрпідей тигенімен, оның пайдасы зор болып тұр бүгінде. Елімізде апиын алмастырғыш метадон терапиясының қолданысқа енгізілгендігіне 6 жыл, ал БҚО-да 2 жылдың жүзі болды. Осы уақыт көлемінде осы сұйықтықты тұрақты тұтынған емделушілердің арасында есірткіден бір жола қол үзгендер де бар екен. Бұл препаратты алғаш рет қабылдаған нашақор ешқандай ләззат сезімін ала алмайды, бірақ есірткіні қажетсініп, ауру синдромдары басылады. Метадонды негізінен ұзақ жылдар бойы есірткі қабылдап келген және оны тастауға ерік-жігері жетпейтін жандарға пайдалану ұсынылатын көрінеді. Тамыр арқылы героин қабылдау АҚТҚ, ЖҚТБ, гепатит, спид сынды жұқпалы дерттердің кең таралуына әкеп соқтырады. Бүгінге дейін оң нәтиже көрсеткен ем-шаралар олардың алдын алу үшін де маңызды болып отыр. Метадон сұйықтығына героин сияқты тәуелділік туындамайды. Сондай-ақ уақыт өте келе дозасын азайтып, оны қабылдауды мүлдем доғаруға болады. Мамандардың айтуынша, бұл нашақорлықтан құлан таза айығудың заманауи үздік әдісі болып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.