Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Елдің назарын аударған 26-сәуір Президент сайлауына орай, сайлаудың өту барысын қадағалайтын шет ел бақылаушылары біздің өңірімізге де келді

c 00:00, 01/04/2015 c 580

0:00 / 0:00

Эрик Тау-Кнудсен мен Мариана Асаначье "Ақ Жол" ҚДП БҚОФ-на келіп, партия төрағасының бірінші орынбасарымен тілдесті. 29 наурыз күні Астана қаласына ат терлетіп келіп, өңірімізге бас сұққан ЕҚЫҰ-ның бақылаушыларын, кезектен тыс президент сайлауына да­йын­­дық барысы, соның ішінде дауыс беру ғима­рат­тарының жай-күйі, сай­лау­шы­лар саны, додаға түскелі отырған саяси партиялар мен депу­таттыққа үміткерлер туралы мәліметтер және тағы басқа да ұйымдық мәселелердің бәрі қызықтырары сөзсіз.Осы мақсатты меже тұтқан бақылаушылар, бүгін міне, "Ақ Жол" ҚДП БҚОФ-ның кеңсесіне төрлетіп, партия жұ­мы­сымен де танысты. Әдемі әңгіме барысында халықаралық бақылаушылар «Ақ Жол» партиясының мүшелері, жастардың белсенділігі, сонымен қатар, 12 наурыз күні Астана қаласында өткен кезектен тыс 12 съезі жөнінде сұрақтар қойылды. Алаштың ақ жолын ұстанған «Ақ Жол» партиясы 26 -сәуірде өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға өз үміткерін ұсынбайды. Ақ Жолдықтар да Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдайды. Партия бүгінгі өткен кезектен тыс 12 съезінде осындай шешім қабылдап, өңірлердегі бөлімшелеріне алдағы сайлауда бүгінгі Президенттің кандидатурасын қолдайтын үндеуді жолдаған болатын. Азат Перуашевтың төрағалық етуімен ҚР Парламент Мәжілісіде 8 депутаты мен 200 мыңнан астам мүшесі бар, кәсіпкерлерден құралған, іскерлер партиясы атанып кеткен «Ақ Жол» ҚДП Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.