0:00 / 0:00
Атап айтар болсақ, 4 азамат аудандық мәслихатқа, 1 азамат облыстық мәслихатқа тағайындалады. Шыңғырлау ауданында бұл лауазымға үміткер 3 адамның біреуі өз еркімен кандидаттықтан бас тартыпты. Ал қалған аудандарда 3 үміткерден, облыстық мәслихаттың 27-ші сайлау округіне 2 үміткер тіркеліп отыр. Олар М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің оқытушы Қайыржан Нұрмұханов пен "Нұр отан" партиясы атынан шыққан Серік Сүлеймен. Айта кетейік, кеше ғана тіркеуі аяқталған президенттік сайлауға байланысты аймақта қазір үгіт-насихат жұмысы өз деңгейінде атқарылуда. БҚО-нан ел көшбасшысы болуға ұмтылған үміткерлер арасынан 1 кандидат 30 қолға ғана ие болып, тиісті талапты орындай алмапты.