Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ремзауыт ауданындағы жаңадан салынған тынымбақтың төсеніш тастары үгітіліп, іргесінен мүжіліп жатыр!

c 00:00, 26/03/2015 c 718

0:00 / 0:00

Бұған не себеп? Демалыс орнының құрылысы былтырғы жылдың күзінде ғана қолға алынған болатын. Сонда мердігерлер жұмысты жүрдім-бардым орындағаны ма? Бұл арнамызға жеткізген қала тұрғындарының шағымы. Тынымбақтың құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттен 100 млн. теңгеден аса қаражат бағытталды. Ұзақ жылдар бойы қараусыз қалған бос алаң абаттандырылып, орындықтар мен шамдар орналастырылды. Тынымбақтың орта тұсынан Чернобыль апатын жоюға қатысқандарға арналған ескерткіш пен қос субұрқақ орын тепті. Рем зауыт деп аталып кеткен осынау ауданның халқы сол кезде сейіл құратын орын табылды деп бір қуанып қалған еді. Тұрғындар тынымбақтың бір қысқа шыдас бермеуін сапасыз атқарылған жұмыстан көреді. Оның үстіне берілген мерзімде аяқтау үшін суық, дымқыл уақытта тастары қаланды, деп шағымданады. Ал Орал қалалық құрылыс бөлімінің басшысы бұл тынымбақтың құрылысы әлі аяқталмағанын жеткізді. Айтуынша жоба 2 жылға жоспарланған. Оның үстіне тағы 2 жыл мердігерлер қызмет сапасына жауап беруге міндетелетін көрінеді. Мамандардың сөзіне сенсек, мердігерлер бүгінен бастап сапасы сын көтермеген тас төсеніштердің жақтаун өз қолдарымен ауыстыруға кіріседі. Болашақта демалыс орны ұзақ уақыт халықтың игілігіне жарайды деп үміттенміз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.