Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шаһарымыздағы Екінші жұмысшы ауданында орналасқан Телеграфная көшесінен 7 айдан бері тұрмыстық қоқыстар шығарылмаған

c 00:00, 26/03/2015 c 825

0:00 / 0:00

Біздің телеарнамызға дәл осындай шағыммен аталмыш көшенің тұрғындары хабарласып, үйлерінің айналасында таудай үйілген қоқыстың тазартылмай жатқаның айтқан болатын. Салдарынан өрт саны көбейіп, адам өміріне қауіп төндіріп отыр. Біздің түсірілім топ айтылған мекен жайға жетті. 7 айдан астам уақыттан бері тұрмыстық қалдықтардың арнайы күл-қоқыс полигонына шығарылмауының салдарынан, адамдардың үйлеріне жетуі мұңға айналған. Тіпті арнайы қоқыс тастайтын жәшіктерді де көрмедік. Тұрғындардың айуынша бұл мәселені айтып, шешу амалдарын табу мақсатында бармаған жері, баспаған таулары қалмаған. Бұнымен қоса таудай төгілген қоқыстар алаңы қаламыздағы қаңғыған иттердің мекеніне айналған. Соның салдарынан кішкентай балаларын есік алдына ойнауға жіберуге күн сайын қауіптенеміз дейді ата-аналар. Біз осынау мәселемен Орал Таза Сервис мекемесінің мамандарымен кездесіп, мән жайды түсіндірген болатынбыз. Ал олар бізге былай деп жауап берді. Айтылған сөз, атылған оқпен тең демекші, біздің кездесуімізден кейін Орал Таза сервис ЖШН-нің қызметкерлері арнайы техникаларымен барлық қоқысты жинап, қала сыртына шығарды. Жалпы баршамызғада белгілі көктем айларында шаһарымызды қыстан кейінгі қоқыстан арылту мақсатында жыл сайын сенбілік жүргізіледі. Сондықтанда алдағы жұмаларда қала тұрғындары өз тұрғылықты мекен жайларын тазартуға міндетті. Біздің білгенміздей жақын арада Телеграфная көшесінің бойынша арнайы қоқыс төгетін жәшіктер орналастырылмақ. Ал ондағы тұрмыстық қалдықтардың уақытылы шығарылып тұруы үшін, тұрғындар Орал таза сервис ЖШС-мен шартқа отырулары тиіс. Сонда ғана айналадағы тазалық сақталатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.