Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ортақ жылу есептегіш төңірегіндегі дау әлі бітер емес

c 00:00, 17/03/2015 c 625

0:00 / 0:00

Үйлеріне ортақ жылу есептегіш қойылған тұрғындар жылудың бағасын бұрынғыдан қымбатқа төлеп отырмыз десе, ал, "Жайық жылу қуат" мекемесінің мамандары ортақ жылу есептегіштің арқасында тұрғындар өз қаражатын үнемдейді дегеннен танар емес. Соңғы мәліметтерге сүйенетін болсақ шаһарымыздағы 870 көп қабатты тұрғын үйдің 412-не жылу есептегіш құрал орнатылып болған. Ағымдағы жылы қалған 47 % толықтай игеру жоспарда бар деп мәлімдеді Жайық жылу қуат Ақ-ның мамандары. Ал тұрақталмайтын тариф мәселесіне келетін болсақ, бұл туралы комуналдықтар былай деп жауап берді. Мысалға Евразия даңғылында орналасқан 56 - үйдің тұрғындарынан білгеніміздей ортақ жылу есептегіш құрылғысын орнатқаннан кейін кейбірі аз төлесе, кейде керсінше болып жататын көрінеді. Өздеріңіз естігендей аты шулы жылу құрылғылары туралы қала тұрғындарының ойы екі түрлі. Дегенменде алдағы уақытта "Жайық жылу қуат" АҚ-ның мамандары аталмыш түсініспеушілікті түбегейлі жояды деп сенейік.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.