0:00 / 0:00
Салтанатты шарада түрлі салада тағдырлары тоғысқан әйел заты дөңгелек үстел басында бас қосып, мерекелік дастарханан дәм татты. Әкімнің салтанатты қабылдауына Ұлы Отан соғысы ардагерлерінен, ақ жамулықты әжелерден бастап, спортта үздік танылған 17 жастағы бойжеткенде шақырылыпты. Түрлі саланың майталмандары қандай құрметке де лайық жандар. Сондықтан дәстүрлі кездесуге келгені үшін Нұрлан Ноғаев оларға алғысын білдірді. Кездесудің қадірлі қонақтарының бірі ҚР еңбек сіңірген халық әртісі Мақпал Жүнісіова. Ән шашумен жайық жұртшылығына жеткен әнші жиынға аймақ басшысының қолқа салуымен қатысып, құттықтауын жеткізді. Қазақтың маңдайына біткен біртуар қызы-Жайықтың ақ шағаласы Ақұштап Бақтыгереева да осы жиынның төрінен табылды. Кездесуде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына сәйкес, Роза Идиятоваға Еңбек ардагері медалі, Мәдениет және спорт минситрлігі атынан Ирина Какойлаға мәдениет саласының үздігі төс белгісі табысталды.