Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚР Энергетика министірлігі Ресей Федерациясынан тасымалданатын жанар-жағармай өнімін импорттауға 45 күнге шектеу қойыды

c 00:00, 05/03/2015 c 496

0:00 / 0:00

БҚО комуналдық тұрғын үй және энергетика басқармасы мамандарының айтуынша бұған басты екі фактор әсер етуде. Оның бірі әрине көршілес елдің ұлттық валютасының құлдырауы. ҚР республикасында мұнай өнімін өңдейтін үш алып зауыт бар. Солардың бірі Атырау қаласында орналасқан кәсіпорыннан шығатын өнімдермен БҚО-ның энергитика мамандары шартқа отырысқан. Біраз уақыттан бері Оралдықтар ресей мемлекетінің жанар жағармайын тұтыну салдарынан ,зауыттардағы барлық бензин отынын сақтайтын арнайы цестерналар лық толған. Алдағы айларда өңірімізде ауыл шаруашылығының егін егу науқанына дайындық жұмыстары басталмақ. Ал ондағы басты құралдардың бірі көліктерге дизель отыны тонналап жойылатыны белгілі. Сондықтанда ел экономикасына кесірін келтіріп тұрған аталмыш мәселе шешу үшін шектеу қою керекті. Біз қала тұрғындарын аталмыш мәселе бойынша әңгімеге тартқан болатынбыз. Белгіленген 45 күннен соң шағарымызда орналасқан бекеттерге, қайта көршілес Ресей федерациясынан бензинді тасымалдауға рұқсат берілмек. Әрине бұның барлығы уақытша жұмыстар екендігі түсінікті, ең бастысы арзандыққа жаңа қадам басып жатқан кезде қымбатшылық орын алмаса болғаны.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.