0:00 / 0:00
Осы аталған ескі және апатты үйлердің тұрғындары жаңа пәтерлерге қоныстану сәтін тағатсыз күтіп отырғаны анық. Бірақ, әні-міне - деп, биылдыққа 4 апатты үйді бұзу жоспарланып қойылған - дейді тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімінің мамандары. Солардың алғашқысы болып Деповская көшесіндегі 18- үйдің тұрғындары уақытша жаңа қонысқа орналдастырылды. Иә, іргесі сөгіліп, қабырғасы қаусаған мына апатты үй енді екі-үш күнде толығымен бұзылады - деп күтілуде. Қазіргі жағдайға осы үйдегі 16 шаңырақтың үлкені-мен кішісі бірдей қуанышты. Айтуларынша, олармен 3 жақты келісім-шарт та жасалынып қойылған екен. Тұрғын үй коммуналдық - шаруашылық бөлімі мамандарының мәліметінше, апатты үй бұзылғаннан кейін, бұл іске жауапты мердігер компания 2 қабатты үйдің орнына 9 қабатты, 90 пәтерлі үй салады - деп күтілуде екен.Абаттандыру, инженерлік-коммуналдық жұмыстар үкімет тарапынан тартылады. Құрылыс уақыты - 2 жыл -деп жоспарланып қойылған. Құрылыс жұмыстарының ауылы да алыс емес. Осы айда бастау көзделуде. Ал, кезек бойынша, қалған апатты үйлердің тұрғындарын көшіру келер аптаның еншісіне қалып отыр. Олар 2 киллометр көшесінде орналасқан 20,21,22 тұрғын үйлер. Бұл істің қалай алға басарын уақыт еншісіне тастағанымызбен, жағдай арна бақылауында тұр.