0:00 / 0:00
Л. Толстой көшесіндегі көп қабатты үйдің тұрғындары қоқыстың әлегімен бір емес, бірнеше мәрте ұшырасып отыр. Бір қызығы үйілген күл - қоқыс бос контейнерлердің қасында орын тепкен. Бұрындары тұрғындар қоқыс толы контейнерлердің уақытылы алынбайтынын айтып, шағымданған болса, ал қазір керісінше, бос контейнерді қойып, айналасында шашылып жатқан қоқыстарды жинастырудың орнына, тау-тау қылып үйіп әлек. Аталған мәселенің шешімін шешпек болып, қоқыс контейнерлерінің бір жерден екінші жерге көшірілуіне жауапты қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық мекемесіне жолықтық. Сала мамандары бір-екі күнде аталған ауданды жан-жақты зерделеген соң, қоқыс контейнерлерінің көшірілу жағдайына қатысты шешім шығармақ. Иә, айналадағы тұрмыстық қалдықтардың көбеюіне себепші, бірінші кезекте - адами фактор екені даусыз. Осыны әр адам уақытылы ұғынса, мұндай жағдайдың туындамасы хақ.
Сонымен, тұрғындар көмек сұрап, бас көтерген қоқыс контейнерлерінің көшірілу ісі шешілгенше жағдай арна бақылауында.