Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыс әкімі Н.Ноғаев Ақжайық ауданына қарасты Чапаев елді мекенінде болып ТМД елдерінде жоқ ет өңдеу кешенінің құрылысымен танысты

c 09:46, 05/02/2015 c 831

0:00 / 0:00

«Қаз Агро Қаржы» АҚ-ның қаржылай қолдауымен жүзеге асып жатқан жобаның мақсаты жас қозы етін экспортқа және өз елімізге шығару.Жобаның көлемі жылына 350 мың мал басына шақталған. Ал, күніне 1400 басты сойу жоспарлануда. 30% ет өнімі Ресей, Иран, Азербайжан мемлекеттеріне экспортқа шығарылады деп күтілуде. Еуропа нарығына шығып, олармен тығыз қарым-қатынаста болып ет өнімдерін өңдеу мен еуропалық стандартқа сәйкес жұмыс істеуді жоспарлаймыз дейді «Батыс Марка Ламб» директоры Бақытжан Кескенбаев.
Қалған жұмыстар Электр мен газ орнату болып тұр. Осы жылдың бірінші тоқсанында өнім шығарылады.Сойылған қозы етінің терісі де сыртта қалмайды. Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облысының әкімімен келіссөз жүргізіліп те қойған. Римде ғана бар бұл завод енді біздің де аймақтан орын тепті. Бұдан соң облыс басшысы осы ауылда салынып жатқан тағы бір маңызды нысан ірі қара малын соятын цех құрылысымен таныс болды. Нұрлан Асқарұлы осындағы жұмысшы-құрылысшылардан жәй-күйлерін сұрастырып әңгімелесті. Бұл жоба «Агробизнес 2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.