Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бизнеске жеңілдік

c 19:35, 17/03/2020 c 691

0:00 / 0:00

Қауіпті індеттің белең алуына орай елде жарияланған төтенше жағдай барысында бизнестің жұмысы тұралап қалады. Сол себепті, үкімет кәсіпкерлерді қолдау жоспарын енгізді. 30 күнге жарияланған төтенше жағдай барысында барлық сауда, мәдени, ойын-сауық орталықтары, мейрамханалар жұмысы шектелген. Тек азық-түлік сататын сауда орындары жұмысын жалғастыра береді. Коронавирустің салдары екініш деңгейлі банктер алдындағы несиені өтеуді де қиындатады. Бұл орайда төтенше жағдай кезінде тұтынушылық кредит бойынша қарыз болса, өсімпұл мен айыппұл есептелмейтінін мәлімдеді. Бұдан бөлек, банктер кәсіпкерлерге қарызды кейін төлеуге мүмкіндік жасап отыр. Сондай-ақ, салалық кәсіпкерлік  жер және мүлік салығынан босатылады. Бұл мәселе бүгін өткен үкімет отырыснда талықланды.

Үкімет отырысы бұл жолы БАҚ үшін жабық есік жағдайында, онлайн режимде өтті. Себебі, елде коронавируске байланысты төтенше жағдай жарияланған. Ел парламенті де осы жүйеде жұмыс ісетуге кіріскені мәлім. Журналистерсіз өткен үкімет отырысында төтенше жағдай кезінде ел бизнесі тұралап қалмауы үшін бірқатар шараларды қолға алу мәселесі талқыланды.  Әлемді шарпыған коронавирус індетіне байланысты жарияланған төтенше жағдай барысында ірі сауда орындары , кинотеарлар, мейрамханалардың жұмысы тоқтап қалуда. Бұл бизнесті шығынға батыратыны сөзсіз.

Руслан Дәленов – ҚР ұлттық экономика министрі; «Сондай-ақ,заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін бір жылға мүлік салығынан босату ұсынылды. Олар- ірі сауда орындары, кинотеатрлар, көрмелер, спорт нысандары. Бұларға бір тоқсанға өсімпұл есептеуді тоқтату қарастырылды».

Мұнымен қоса, төтенше жағдай барысында банк алдындағы несиені өтеу мәселесі де ушығайын деп тұр. Осы жағдайға жетпеу үшін тұтынушылық кредит бойынша қарыз болса, өсімпұл мен айыппұл есептелмейтін болды. Бұдан бөлек, банктер кәсіпкерлерге қарызды кейін төлеуге мүмкіндік жасап отыр.

Айта кетсек, үкімет президенттің тапсырмасы бойынша, төтенше жағдай барысында  қолжетімді қаржыландыру, кепілдіктер беру, салықтық ынталандыру және бизнесті тексеруді азайту, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтамасыз етуді  қатырамыз деп отыр.Бизнесті қолдаудың тағы бір түрі  7 мың ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші жер салығынан босатылады.  Бұдан бөлек, жалпыға бірдей белгіленген режимде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерді де табыс салығынан босату ұсынылып отыр.

Министр арнайы салық режимімен жұмыс істейтін кәсіпкерлер биылдан бастап салық төлемейтінін еске салды. Ал төтенше жағдай барысында азық-түлік сататын дүкендер мен дәріханалардың жұмысы жалғаса береді. Осы кезде халықтың есебінен пайда көруді көздеген алып-сатарларға жол бермейміз деді сауда министрі.

Сұлтановтың айтуынша, бүгінде азық-түлік тапшылығы жоқ. Әлеуметтік маңызы бар тауарларды жеткізу жағынан да қиындық болмайды. Бірақ вирус өршіп тұрған сәтте дәріханаларда бетперде мен антисептиктің тапшылығы орын алуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.