2019 жылдың 11 айында қалалық әкімдікке 18000 арыз -талап келіп түскен. Олардың 16000 жеке тұлғалардың шағымы. Қалалық прокуратураның қызметкерлері осы арыз-шағымдардың қаралу тәртібі мен олардың уақытылы орындалуына байланысты тексеріс жүргізген. Сала мамандары тексеріс нәтижесінде көптеген лауазымды тұлға жұмысын ауыстырып, өзге салаға ауысуына байланысты айыпты тұлғаларды жауапкершілікке тарту қиын екендігін атап өтіпті. Десек те, 5 лауазымды тұлға олқылықтар үшін жауап берген. Мұндай талап бұзушылықтар қалалық прокуратурада өткен коллегияда белгілі болды.