0:00 / 0:00
31 наурыз сағат 12:00 де Қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекарадан есірткі затын тасымалдамақ болған азаматты қолға түсіргендігін мәлімдейді. Алматы - Мәскеу бағытындағы нөмірі жетінші поездынан шекарашылар қызметтік итті пайдалану арқылы Ресей Федерациясы азаматының жол сөмкесінен марихуана тектес есірткі затын тәркілеген. Атап өтейік бұл жыл басталғалы тіркеліп тұрған алғашқы жағдай. Аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.