0:00 / 0:00
Адамға жарақат салатын тегіс, ойық ұңғысыз, газды қаруларды тапсырған азаматтарға ауқымды сыйақылар беріледі. Бұл жөнінде облыстық ІІД хабарлап отыр. Биылғы жылы бұрынғы акция талаптары өзгертіліп отыр. Яғни қару-жарақ ішкі істер органында тіркеуде болуы керек. Акция аясында атыс құралын тапсырмағандар оны заңсыз сақтап, ұстағаны үшін кейін жауапкершіліке тартылады. 3 санат бойынша берілетін сыйақыға республикалық бюджеттен қаражат бөлініп отыр. Толығырақ ақпаратты 98-40-14 нөміріне хабарласып білуге болады.