0:00 / 0:00
Мереке құрметіне арнап жабдықталып, ашылған Елбасы залына, Президентіміздің фотосуреттері мен сыйлыққа алған, кәдесыйлары мен кітаптары қойылған. Елбасымыздың әр жылдары аймағымызға жасаған жұмыс сапарларында түскен фотосуреттері пен оның қолы тиген түрлі дүниелері, музейдің қазіргі қымбат жәдігерлері. Аймағымыздағы бас музейде, бүгінге дейінгі кезде, Елбасымызға арналған аядай бір бұрышты ғана кездестіруге болатын болса, бүгін сол бұрыш бір залға үлкейтіліп, көрмелер кеңейтіліп кеңге қанатын жайған. Бұл көрмені тамашалауда алатын пайдаң, осындай тәуелсіздік бізге қайдан келді, бұл ұлы жолда қолға қару алып бабаларымыздың аққан қаны мен төккен тері, және елдің дамуына Елбасының еткен еңбегі, суреттерден сыр шертіп мол мағұлматтар береді. Залдың ашылуына келген, құрметті қонақтардың арасында, 60-жылдары Елбасымызбен бірге Теміртау қаласында еңбек еткен жұмыстастары, музейде Елбасымыздың өзіне зал ашып, көрмені кеңіткен бұл бастаманы қолдап, бұдан үлгіні келешек жастар алады деп алғыстарын жолдады. Музейдегі экспозициядағы Елбасымыздың түрлі фотосуреттері, қарапайым ауыл баласынан Ұлт көшбасшысы дәрежесіне көтерілудегі Президентіміздің өмір жолын көрсетеді.