Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

13 жасар Никита Тюкин 2 адамды ажал тырнағынан арашалап қалды

c 00:00, 03/06/2015 c 692

0:00 / 0:00

Оқиға Зеленов ауданының Достық ауылында болған. Шаған өзеніне шомылып жүріп, суға батып бара жатқан қыздарды Никита жалғыз өзі құтқарып қалады. 24-мамыр күні Достық ауылы маңындағы Шаған өзеніне 2 қыз бала шомылуға барады. Бір жағалауға жүзіп барғанымен екінші жағаға кері жете алмай қалған оқушылар суға батып, тұншыға бастайды. Егер Никита Тюкин болмағанда оқиға қайғылы аяқталар ма еді. 13 жасар жасөспірім өзі шамалас қыздарды құтқарып, аман алып қалып отыр. Судан шығарып қана қоймай, Никита оларға жасанды дем беріп, өмірлерін сақтап қалуға тырысады. Одан соң ауыл тұрғындарына хабар беріп, жас та болса үлкен адамның қолынан келе бермес ерлік жасаған батыр балаға төтеншеліктер сыйлық беріп, алғыс білдірді. Адамды ажалдан арашалап қалудың оңай емесін жақсы білетін мамандар Никита Тюкиннің ерлігін ескеруісіз қалдырмау жөнінде ІІМ-не хат жолдады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.