Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бала қауіпсіздігіне кім жауапты?

c 16:35, 12/03/2020 c 653

0:00 / 0:00

БҚО - да биылғы жылы басталғалы жасөспірімдер арасында 17 қылмыс тіркелген. Бұл бар болғаны екі айдың қорытындысы. Ал 2019 жылы 109 қылмыс тіркелген. Балалар арасындағы қылмыстық оқиғаларды қалай азайтуға болады? Жалпы жасөспірімдер қандай себептермен қылмыс жасауға барады? Бұл сұрақтарға БҚО ювеналдық полициясының инспекторлары жауап берді. Ювеналдық полиция қызметкерлері балалар арасындағы қылмыстардың алдын -алу мақсатында бірнеше бағытта жұмыстар атқарып жатқанын да тілге тиек етті. Соған қарамастан балалар арасында қылмысқа ұрынатындар бар.
Балар арасындағы қылмыстардың көбін ұрлық оқиғалары құрайды. Соңын ішінде біреудің телефонын ұрлау немесе өз телефондарын жоғалту, ақша ұрлығы дегендей. Осы жәйді зерделей келе полиция өкілдері ата - аналардан баларына қымбат телефондар ұстатпауын сұрайды. Себебі қымбат дүние қашан да өзгенің қызығушылығын тудырады,- дейді полиция өкілдері.
Балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың бір тәсілі отбасындағы тәрбие. Бірақ өкінішке орай барлық ата-ана баласына жауапкершілікпен қарай бермейді. Биылғы жыл басталғалы баласына дұрыс қарамай, ащы суға үйір болған 8 отбасы тіркеуге алыныпты. Жалпы БҚО бойынша 220 отбасы полицияның есебінде тұр. Ол отбасыларда 414 бала тәрбиеленіп жатыр. Ата -ананың өзінде бала алдындағы жауапкершілк болмай тұрғанда, осындай тірлігі шайқалған отбасыларда өскен баладан қайдан дені дұрыс адам шықсын. Ал, полицияның барлық отбасының басы-қасында отырып күзетіп отыруға шамалары жетпейді.
Қылмыстық оқиғалар үшін 14 жасқа толмаған балалар жауапкершілікке тартылмайды. Ондай жаста бала үшін ата-анасы немесе заңды өкілі жауапты. Бірақ бұл бала жазасыз қалады дегенді білдірмейді. 2019 жылы балалардың қолымен 3 аса ауыр қылмыс жасалған. Олар кісі өлтіру, зорлау баптары бойынша жауапқа тартылып, соттың шешімімен жазалары да берілген.
Жасы келмей қылмыстық жауапкершілкке тартылмайтын балалар болады. Бірақ оларды анайы кешкі мектептерге ауыстырады. Ол жерде балалар полицияның қатаң бақылауында болады. Полиция өкідері ата-налардан баланы түнгі мезгілде көшеге жіберумеуді сұрайды, себебі қараусыз қалған бала тәртіп бұзу фактілеріне жиі ұшырайтынын тәжірибе көрсетіп отыр,- дейді ювеналдық полиция қызметкерлері.

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.