0:00 / 0:00
Балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізушілердің сақ болғаны жеткіліксіз. Себебі көп жағдайда жол көлік оқиғалары жаяу жүргіншінің сауатсыздығынан немесе салғырттығынан болып жатады. Слет дарын қосымша білім беру орталығында өтті. Слетке 12 мен 14 жас аралағындағы жас инспекторлардан құралған мектеп оқушылары қатысты. Олардың арасында аудандық қалалық кезеңнің жеңімпаздары бар. Бағдарлама 9 байқаудан тұрады. Саптық жүру, жол ережесін білу сынағы, велосипед тебу. Эрудиттер турнирі жас реттеуші, және жас тазалықшы байқауы. Мерей Маманшева Бөрлі ауданының Ақсай қаласындағы 4 мектеп атынан шыққан топтың мүшесі. Бүгін оның тобы жеңістен үмітті екенін жасырмады. Жоғарыдағы сынақтардан сүрінбей өткен жеңімпаз командалар білім басқармасы мен БҚО ІІД ӘПБ дипломдарымен және сыйлықтармен марапатталады.