0:00 / 0:00
Пасха - Иса мәсіхтің қайта жандану құрметіне арнап белгіленген христиандардың көне мейрамы. Әртүрлі христиан конфессиялары әрқилы күнтізбе қолданатындықтан Пасха мерекесі әрдайым бір уақытқа сәйкес келе бермейді. Бірақ биыл да былтырғы сияқты, католиктер мен православтар бұл мейрамды бір күнде яғни демалыс күні тойлады. Осы мерекенің құрметіне облыс әкімі Нұрлан Ноғаев келіп христиан жұртын құттықтады. Христиандармен бірге Пасханы барша қазақстандықтар қарсы алады. Христиандар бұл мейрамда Пасха күнінде жұмыртқаларды түрлі түске бояйды, ал Ресей мен Балкан елдерінде сол түрлі-түсті жұмыртқаларды бір-бірімен қақтығыстырады. Бұрын орыс селоларында тұқымды төбенің басынан домалатып жарыс ұйымдастыру дәстүрі болған. Бүгінде елімізде Пасха, Құрбан айт, Рождество, Рамазан және өзге де діни мерекелерді лайықты құрметпен атап өтіліп жатқаны рас. Бұл мейрамды да тойлаған батыс жұрты келесі пасхаға дейін аман есен жетейік деген ниетпен әртүрлі жоралғылары мен салт дәстүрлерін жасап құдай жолында құлшылық жасады.