Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары ақпан мен маусымның бел ортасына дейін аң аулауға болмайды деп хабарлайды. Заң бұзған азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Биыл осы заңсыз аң аулауға байланысты заң талаптары күшейтілген еді. Бұрындары жабайы жануарды рұқсатсыз аулап, оны атқан броконердің көлігі мен қаруы тәркіленетін еді. Биылғы өзгерістерге сәйкес, қылмыскердің бар мүлкі мемлекет меншігіне өтеді. Сала мамандары биыл сегіз қылмыстық істің қозғалғандығын айтады. Заң талаптарына сәйкес, заңсыз жануарлар әлеміне қол сұққан броконер бас бостандығынан айырылып, жазасын темір торда өтеуі мүмкін.