0:00 / 0:00
Акция аясында ақ халатты абзал жандар қала тұрғындарының қанындағы холестериннің, глюкозаның деңгейін тексерген болатын. Сондай-ақ кез келген адам тегін түрде өзінің артериялық және көз қысымын анықтауға мүмкіндік алды. «Бақытың да, байлағың да денсаулық!», - демекші әр азамат дүниеге келгеннен бастап өз ағзасын күтуге міндетті. Бәлкім, сондықтан болар, аталмыш шараға қатысып, өзінің денсаулығының жағдайын білмек болғандардың қарасы көп болды. Сондай-ақ олардың басым көпшілігі қариялар екендігін айта кеткен жөн. Қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға насихаттаған акция соңы арнайы флеш-мобпен жалғасқан еді.