0:00 / 0:00
Харкина ауылында 1924 жылы дүниеге келген Яков Карнаухов атамыз ата-анасынан бала кезінде айырылып, әжесінің қолында өскен. Теңіз флотында Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған ардагер, 1943 жылы Сахалинде алғашқы ұрысын өткізген болатын. Қартайған шағында көзінен айырылған кейіпкеріміздің, соңғы кездері есту қабілеті де нашарлай бастаған көрінеді. Отан қорғаушымыздың өмірлік жары Галина Карнаухованың айтуынша олар осыдан 64 жыл бұрын қаламыздағы кинотеатрлардың бірінде танысып, бас қосқан. Қазіргі таңда тамырын тереңге жайып, немере – шөберелерінің қызығын көріп отыр. Ардагердің қазіргі тілегі Ұлы Жеңістің 70 жылдығын өз жанұясымен жақсылап атап өту.