Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ауыл бизнесін қолдау

c 20:30, 05/03/2020 c 847

 

0:00 / 0:00

Ауылдықтардың кәсібін дамыту үшін 4 пайыздық несие беріледі. Бұған дейін бұл несие 6 пайызбен беріліп келгенді. Бұл жайында бүгін өткен брифингте еңбек министрлігінің өкілі Ерболат Абулхатин хабарлады. Ауыл халқын бизнеске тарту үшін арнайы бағдарлама енгізіліп, оқыту жұмысы да жүргізілуде. Ауыл кәсіпкерлері 20 млн теңгег дейін несие ала алады. Ал мемлекет өзі кепілдік береді.

Шағын бизнесін айналдырғысы келетіндер саны артып отыр. Әсіресе жұмыс тапшы болып отырған ауыл халқы үшін кәсіп ашу басты мақсат. Бүгінде ауылдықтардың  бизнесін дөңгелетуге арналған несие 6 пайызбен беріліп келсе, енді оны 4 пайызбен алуға болады. Кәсіпкер 20 млн теңгеге дейін несие ала алады. Әрине, несие алу үшін кепілдікке мүлік қою керек. Сол жеткіліксіз болып жатқан жағдайда мемлекет кепілдендіреді.

Ауылдықтарға берілетін несиеде аз қамтылған көпбалалы отбасыларына басымдық  жасалады. Сондай-ақ, ауыл халқының қаржылық сауатын ашып, бизнесін дамытуға жол сілтейтін арнайы оқыту бағдарламасы да бар.

Бүгінде  бизнес әлемінде қыз-келіншектердің  кәсіпті дөңгелетіп отырғаны жасырын емес. Бұл әлемдегі дамыған елдерде қалыпта жағдайға айналған.Әрине, әйелдер кәсіпкерлігін әлі толық мойындамай отырғандар да барСтатистикаға сүйенсек,  еліміздегі жеке кәсіпкерлердің 50% жуығын әйелдер құрайды, соның ішінде 20 пайызы шаруа қожалықтарын ұстап отырған  қыз-келіншектер.Яғни ауыл бизнесін дамытуда әйелдердің рөлі айтарлықтай.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.