Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында қысты шығарып салу мейрамы кең көлемде аталып өтілді

c 00:00, 23/02/2015 c 787

0:00 / 0:00

Демалыс күні шаһар халқы мәдениет және демалыс саябағына жиналып, ерекше көңіл көтерді. Ән тыңдап, театрланған көріністерді тамашалаған көпшілік аңызға сай көктемнің келуіне қарсы қарақшы әйелді өртеп, мәре-сәре болды. Орыс халқының көне мерекесіне жиналған жұрттың қарасы мол. Ашық аспан астында орнатылған сахнада өңіріміздің шығармашылық ұжымдары мерекенің көркін қыздырды, Ән-жырымен көктемді қарсы алып, ойын-сауық құрды. Маслиницадан қысты шығарып салуға ұласқан мейрам кешірім мен қонақжайлықтың нышаны десек те болады. Бұл күндері бір-біріне қонаққа барып, өкпе реніштерді ұмытады. Құймақтар пісіріп, дәм таратады. Бар дүние жанданып, жер ана жаңарған уақытта көктемді қарсы алу мерекесінің аталып өтілуі-ежелден басталады. Славян халқының көңілді салт-дәстүрді орындауына ауа райы да оң қабақ танытты. Сондай-ақ мейрамда саябақ ішінде кәуаптар, тәттілер, құймақтар сатылды. Жиналған жұрт иігі тілектерін қарша жаудырды. Көктемнің аяқ басқанын аңғартатын ерте бүр жарған қызыл талдардың саудасы бұл күні жақсы жүрді. Себебі бұл өсімдік сенімнің белгісі ретінде қалыптасқан мерекелердің нышаны болып табылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.