Короновирустың әлем елдеріне таралуы елімізде бетперденің жетіспеушілігіне әкеп соқтырды. Мұндай көрініс әсіресе ірі мегаполистерде байқалып жатыр, - деген ақпар БАҚ беттерінде жиі жариялануда. Жұқпалы індет тарағалы бетперде іздегендер Орал қаласында да аз болмай тұрғаны аңғарылады. Дәріхананың фармацевт мамандары шаһар тұрғындарының бетпердені қос-қостап сатып алып жатқанын айтады. Кейбір дәріханаларда бетперде саттықта жоқ деседі. Бұрындары 10 теңгеден сатылып келген бетперде, қазір 25 теңгеден саудалануда екен. Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Елжан Біртанов: "Коронавирус инфекциясы Қазақстанда тіркелмегенін тағы да мәлімдеймін», - деген болатын. Мұнымен қоса, фейк сілтемелерге сенбеу керектігін ескертті. Министр коронавирус инфекциясының алдын алу үшін қол мен бетті қайта-қайта жуып, сақтық шараларын қабылдау керектігін айтады. Сонымен қатар, қызуы көтеріліп тұрған адамдармен де байланыста болмауға тырысу керек екенін де еске салады.